6.09.2023, 16:15
Оқылды: 3

Елімізде жыл соңына дейін студенттерге арналған 26 жатақхана пайдалануға берілмек

2018-2022 жылдар арасында жаңа жатақханалар салу жұмыстары аясында 26 мыңнан астам төсек-орындық 99 жатақхана пайдалануға берілді.

Бұл ретте Астана және Алматы, Шымкент қалалары, Абай және Жамбыл облыстары көш бастап тұр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қаржы орталығы» АҚ Ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айнұр Сағындықова хабарлады, деп жазды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

926F657E-298F-4F4B-9A55-D2A598E67C52

«2023 жылғы жоспары бойынша ЖОО үшін 8 мыңнан астам төсек-орындық 32 жатақхана тапсырылмақ, оның ішінде 2 600 төсек-орындық 6 жатақхана пайдалануға берілді. Қалған 6 мыңнан астам төсек-орындық 26 алты жатақхана жыл соңына дейін іске қосылады», - деді спикер.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале