19.10.2020, 19:56
Оқылды: 42

Елімізде «Жыл волонтері» байқауы жарияланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын бекітті.

волонтер

Сыйлық әлеуметтік, қоғамдық міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан волонтерлерге, волонтерлер тобына, волонтерлік ұйымдарға, халықаралық волонтерлік ұйымдарға 16 номинация бойынша беріледі:

  1. үздік волонтерлік ұйым;
  2. корпоративтік волонтерлік көшбасшысы;
  3. короновирустық инфекциямен күреске қатысу;
  4. тұрақты даму мақсатының көшбасшылары;
  5. үздік әлеуметтік көмекші;
  6. төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;
  7. хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;
  8. құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;
  9. денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін;
  10. салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;
  11. білімді әйгілеудегі үлесі үшін;
  12. қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін;
  13. бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;
  14. тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін;
  15. жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;
  16. әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін.

Сайысқа қатысу үшін үміткерлер қажетті құжаттарды qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасына электронды түрде жүктейді. Сыйлыққа ұсынылған үміткерлер тізімі екі кезеңде қаралады. Бірінші кезеңде qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында ашық онлайн дауыс беру 10 күнтізбелік күн ішінде өтеді. Екінші кезеңге әр номинациядан ең көп дауыс жинаған 10 үміткер өтеді. Егер дауыстар тең болса, екі үміткер де өтеді. Әр номинациядан ең көп балл жинаған үш үміткер жеңімпаз болып танылады. Жеңімпаздарға диплом және естелік мүсінше беріледі. Сайыс туралы толық ақпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында көрсетілген.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале