Еліміздегі 11 өңірде психологиялық қолдау бөлімдері мен орталықтары жұмыс істейді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың жұмысын жандандыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бүгінде еліміздің 11 өңірінде өңірлік психологиялық қолдау бөлімдері-орталықтары ашылған. Онда әрбір бала, ата-ана, педагог қажет болған жағдайда көмек сұрай алады. Бұл орталықтар қиындыққа тап болған балаларға кәсіби көмек көрсетеді, сондай-ақ олардың ата-аналарына қолдау мен кеңес береді.
Жыл соңына дейін қалған облыстарда да орталықтардың ашылуын аяқтау жоспарланып отыр.