6.10.2023, 11:15
Оқылды: 6

Еліміздегі 13 өңірде ұн бағасы өсті

Бұл туралы СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Ұлттық арна.

7651F759-FF01-47F7-8E9D-ECFFEA33AD97

Сурет: inbusiness.kz

Ұн мына өңірлерде қымбаттаған: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстары.

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы талқыланды.

«Жалпы, қыркүйек айының ортасында астық нарығының конъюктурасының өзгеруіне байланысты жекелеген өңірлерде бидай бағасы көтерілді. Бағаның өсуіне күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жетізілетін астықты тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігі себеп болған», - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале