«Жауынгерлік достастық-2021» бірлескен оқу-жаттығуы ТМД-ға мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің шешіміне сәйкес жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ресей Федерациясының аумағында Астрахан облысының «Ашулук» полигонында өтіп жатқан оқу-жаттығуға ТМД-ға мүше бес мемлекеттен 2 000-нан астам әскери қызметші қатысты.
inform.kz