Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы Qazaqstantv жазды.
Астанада бүгін найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады.
Қарағанды облысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай соғады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, қатты жаңбыр, бұршак, дауыл күтіледі.
Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай күтіледі.
Абай облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.
Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.