25.11.2024, 11:16
Оқылды: 12

Еліміздің басым бөлігін тұман басады – Қазгидромет

«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп жазды ҚазАқпарат.

Күз Орал ЖП

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

— Республика бойынша, желдің күшейуі, түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.

Астана қаласында күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге барады. Ауа температурасы күндіз -4°C дейін аяз болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Қалада ауа температурасы күндіз +9°C дейін жылынады. Таулы аудандарда тұман күтіледі.

Шымкент қаласында аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі. Ауа температурасы күндіз 14°C дейін жылынады. Қатты жел соғады деп болжанды. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Бұдан бөлек, алты облыста, атап айтқанда Жамбыл, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Қарағанды, Абай облыстарында қатты жел соғуы ықтимал.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале