Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар облыста шығармашылық хабтар құруды тапсырды.

Фото: t.me/KZgovernment/
«Ақмола, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының әкімдіктері осы жылдың соңына дейін облыс орталықтарында креативті хабтар құруы қажет.
Олардың базасында креативті индустрия өкілдері жобаларды қаржыландыру үшін инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайтын пәрменді алаңдар құрылуы керек»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.