5.04.2024, 10:45
Оқылды: 48

Еліміздің бірнеше өңіріндегі су тасқыны салдарынан зардап шеккен абоненттерге қосымша интернет ресурсы берілді

 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстанның үш облысында су тасқыны мен электр қуатының уақытша өшуі салдарынан ұялы байланыс операторларының желілерінің жұмысына әсер еткен бірқатар базалық станцияның тұрақсыз жұмысы байқалған.

телефон

Фото: zhaikpress.kz

Ұялы байланыс операторлары су тасқыны аймағында орналасқан абоненттерге тарифтік жоспарларға (40-50 мин, 40-50 SMS және 7 күнге 8-10 ГБ) қосымша ресурс қосты.

Білім беру үдерісін үздіксіз қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстарына Starlink терминалдарының жиынтығы жіберілді.

Сонымен қатар министрлік жедел, үздіксіз байланысты ұйымдастыру мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігіне «Thuraya» спутниктік телефондарын (2 дана) пайдалануға бергенін атап өткен жөн.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале