Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев №521 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.
- Сайлауға қатысу әр қазақстандықтың құқығы әрі міндеті деп білемін. Мемлекетіміздің болашағы үшін, одан әрі дамып, көркеюі үшін еліміздегі кәмелеттік жасқа толған әр тұрғын өзінің дауысын беруі керек деп ойлаймын. Мен де бүгін конституциялық құқығымды пайдаланып, отбасыммен бірге келіп, өз таңдауымды жасадым.
Нұртас Набиоллаұлы,
zhaikpress.kz