4.09.2023, 11:00
Оқылды: 47

Еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады

Қазақстан өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

жп

«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде уақытта жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 5 қыркүйекте жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта +2+10-ға дейін төмендейді. Күндіз +10+20 жылыға дейін аздап жылынады», деп жазылған хабарламада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале