28.03.2023, 15:15
Оқылды: 106

Еліміздің мыңнан астам әлеуметтік педагогі коучинг құралдарын тәжірибеде қолдануды үйренеді

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне және оларды кәсіби қызметте практикалық пайдалануға үйрету мақсатында вебинар өткізеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

 

8714e9bb6d72c2daa1f6fad8f38420d7_1280x720

Вебинар 28 наурыз күні сағат 15:00-де Facebook желісіндегі  парақшада онлайн өтеді.

«Мұндай вебинарлар педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың, оқу үдерісін басқарудың тиімді жолдарын көрсету, сонымен қатар коучинг арқылы мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың өміріндегі қиын жағдайларды шешу мақсатында өткізіледі», - дейді Даму және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Гүлназ Сағымбаева.
Вебинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале