25.04.2025, 11:06
Оқылды: 152

Еліміздің су қоймаларындағы жағдай қандай?

"Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр", - деп хабарлайды ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі.

f1f51844c29e86b3a9023369a14134fe_1280x720

Фото: www.gov.kz

25 сәуір күнгі жағдай бойынша:

Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 12,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 31,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 1,5 текше метр су жіберілуде.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 1130 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 1289 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 3509 текше метр су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр, Шерубай-Нұра су қоймасынан 29,3 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 5 текше метр су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1440,71 текше метр, Петропавл су қоймасынан 2946,48 текше метр су жіберілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале