19.02.2024, 22:00
Оқылды: 110

Елімізге жұмыртқаны автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынбақ

Қазақстанға тауық жұмыртқасын автокөліктермен әкелуге 6 айға тыйым салынады, деп хабарлайды Kazinform.

2021_03_31_4f1bc05b6611036b43d8e96632edd6a6Сурет: egemen.kz

Ауыл шаруашылығы министрінің аталған бұйрығы 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген бұйрық мәтінінде.

Ашық НҚА-ға жарияланған бұйрық биыл 1 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.

Еске сала кетсек, 16 ақпанда Сауда және интеграция министрлігі жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын бекітуді ұсынған еді.

Ведомство жұмыртқа бағасын бекітуді Құс өсірушілер одағы және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер ассоциациясы, сондай-ақ құс фабрикаларының басшыларымен бірлесіп талқылаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале