14.10.2022, 16:44
Оқылды: 54

Елордада әкімшілік ғимараттарды рұқсатсыз дронға түсіргендер ұсталды

 Елордада қаланың әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсірген адамдар анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

221013232618355e

«Полицияға Ресей Федерациясының азаматтары қаланың әкімшілік ғимараттарын рұқсатсыз дронға түсіріп жүргені туралы ақпарат келіп түсті. Анықталғанындай, 21 және 28 жастағы жігіттер жағалау маңында және ҚР Қорғаныс министрлігінде дрондарды ұшырғаны анықталды. Бұл фактілер әр түрлі уақытта орын алған, сонымен қатар азаматтарда квадракоптерді қолдануға рұқсат құжаттары болмаған. Сонымен қатар 12 қазанда Ресей Федерациясынан келген 43 жастағы ер адам Достық көшесінің бойында бейнетүсірілім жасау үшін дрон ұшырғаны туралы тағы бір хабар келді», -делінген полиция хабарламасында.

Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Азаматтық авиация комитетіне жіберілді. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Аталған тұлғалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале