Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде сағат 20 наурыз 22:00-дегі жағдай бойынша, тағы 3 адамнан коронавирус табылған. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 52 болды. Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда – 28 және Қарағандыда - 2 жағдай тіркелген.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер