Zakon.kz сайтына елордалық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, бала толықтай тексеруден өтті, хирургтар қан кетуді тоқтату үшін тамырларға ота жасады.
"Баланың жалпы жағдайын дәрігерлер пышақ жарақаттарына байланысты ауыр деп бағалайды. Баланың отадан кейінгі жағдайы тұрақты. Зардап шеккен балаға барлық қажетті медициналық көмек, мамандардың кеңестері толық көлемде көрсетіледі, бүгінгі күні оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", – деді басқармағылар.
11 ақпанда медициналық бетперде таққан белгісіз адам астанадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жеделсаты ішінде кішкентай балаға пышақ жарақатын салды. Полицейлер оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмағанды анықтады.
