ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілгенін айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді. Ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернаттарда карантин күшіне енеді. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек қана сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі, яғни бөтен адамдар аталған орындарға кіргізілмейді. Сонымен қатар сарнитарлық-дезинфекциялық режім күшейтіледі», – деді министр онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің атап өтуінше, медициналық мекемелерде дыбыс жазбасына фото және бейнетүсірілімге тыйым салынады. «Барлықтарыңызды бұл төтенше жағдайда сабырлылық сақтауға шақырамыз. Бұл емделетін инфекция екенін білесіздер. Осы орайда қажетті шараларды ұйымдастыру бағытында бізде барлық жағдай бар. Барлық санитарлық жұмыстар қабылданып жатыр. Тиісті сұрақтар бойынша біздің арнайы Call-орталықтағы 1406 нөмірі арқылы және ғаламтордағы сайттар әрі әлеуметтік желілер бойынша ақпарат алуға болады», – деді Елжан Біртанов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді. Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай – Нұр-Сұлтанда, 11 факті Алматыда тіркелген.
ҚазАқпарат
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер