3.04.2023, 15:30
Оқылды: 204

Елжана Таниева Әлем Кубогы кезеңінде ІІ орын алды

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем Кубогы кезеңінде Елжана Таниева күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

664753bd-d8f3-4a8c-a993-7e6d1c597d16

Отандасымыз лентамен өнер көрсетуде 30,900 ұпай жинап, тек өзбекстандық Тахмина Икромоваға жол берді. Ал үздік үштікті бразиялиялық Барбара Домингос түйіндеді.

Сондай-ақ Елжана Таниева ұршықпен өнер көрсетуде 5-орыннан, ал доппен жаттығуда 6-сатыдан көрінді. Айта кетелік, Болгариядағы Әлем Кубогы кезеңіне 28 елден 50-ге жуық гимнаст қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале