11.03.2024, 9:45
Оқылды: 46

Эльжана Таниева Испаниядағы гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Испанияның Марбелье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева алтын медаль алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

834bd9ea-41c4-47e9-b66d-32b1c3faeb88

Фото: t.me/olympickz

Таниева доп жаттығуынан өткен финалда 33.400 ұпаймен алтын жүлдегер атанды.

Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетелік, бұл Эльжана Таниева жаңа маусымдағы халықаралық сында жеңіп алған алғашқы алтын медалі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале