Бразилиялық Embraer авиациялық конгломераты Ақтау маңында болған оқиғаға қайғырып отырғанын хабарлады. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: ТЖМ
«Бүгін Қазақстан, Ақтау маңында болған Embraer 190 ұшақ апаты бізді қынжылтты. Осы оқиғадан зардап шеккендердің отбасыларына, дос-әріптестер мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз жағдайды жіті қадағалап отырамыз және тиісті органдарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - делінген мәлімдемеде.