Гүлжанат Айтмұхамбетова, Орал қаласы жоғары аграрлық-техникалық колледжіндегі №466 учаскедегі байқаушы:
– Мен «Ғасыр» қоғамдық бірлестігінен байқаушы ретінде қатысудамын. Учаскеге таңғы сағат алты болмай келдік. Референдум өтетін учаске талапқа сай ұйымдастырылған. Бұл жерде ең бірінші болып жас жұбайлар дауыс берді. Жалпыұлттық референдумнан сырт қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдірген жастарға сыйлық табыс етілді. Шыны керек, дауыс берушілер сағат 7-ден бастап келе бастады. Белсенділіктері өте жоғары. Бұл учаскеде менен басқа бес байқаушы бар.
Айна Имашева
zhaikpress.kz