13.01.2025, 12:30
Оқылды: 473

Ең пайдалы бес жеміс-жидек аталды

Уильям Патерсон университетінің (WP) сайтында жарияланған зерттеуде ең пайдалы жеміс-жидектер таңдалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

berries-2277_960_720

Фото: pixabay.com

Мамандар 41 өсімдік өнімінің құрамынан 17 негізгі қоректік заттардың, соның ішінде А және В12 дәрумендерінің мөлшерін зерттеді.

Жеміс-жидектердің арасында ең көп пайдалы элементтер лимон, құлпынай, апельсин, грейпфрут және бүлдіргенде болған.

Лимон жемістер арасында көшбасшы болды. Ол С дәруменіне бай. Ол ағзаны талшық, магний және калиймен қамтамасыз етеді, бұл терінің күйін жақсартады және иммунитетті күшейтеді.

Сонымен қатар құлпынай да С дәруменіне бай. Оған қоса, оның құрамында темір, кальций және фолий қышқылы бар. Апельсин магний, калий және С дәруменіне бай, оны жүйелі түрде жеу - иммундық жүйені және жүрек-қан тамырлары саулығын нығайтады, метаболизмге және жасушалардың қалыпты жұмысына ықпал етеді.

Қызғылт грейпфрут құрамында көруге және иммундық жүйеге пайдалы А дәрумені мен бета-каротин бар. Бүлдірген созылмалы аурулардың алдын алуға және жасушалардың қартаюын бәсеңдетуге көмектесетін антоцианиндерге бай.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале