28.02.2020, 11:32
Оқылды: 79

«Еңбек дауларының ықтимал ошақтарына күн сайын мониторинг жүргізіледі»,  –  дейді «БҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Есекенова  

   Өткен жыл ішінде облыс бойынша өндіріс орындарында орын алған 46 оқыс оқиғадан 58 адам зардап шеккен. Олардың 33-і өндірісте ауыр жарақан алса, 5-уі жазатайым оқиғадан көз жұмған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «БҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Есекенова мәлімдеді.

brifing (3)

Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, өңіріміз бойынша 74 мыңға жуық кәсіподақ мүшелері, 15 салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдары және 1000-ға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымы тұрақты түрде жұмыс жасауда.

– Қазіргі таңда өңірімізде бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар еңбек ұжымдарының барлығында ұжымдық шарттар бар. Облыстық еңбек инспекциясының мәліметіне сәйкес, ұжымдық шарттармен 130 мың адамнан астам қамтылған. Ол барлық қызметкерлердің санынан 55,6%-ын құрайды. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша кешенді жоспар бекітілді. Еңбек дауларының ықтимал ошақтарына күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр. Сонымен қатар кәсіподақтар ұжымдағы еңбек дауларының алдын алу мақсатында  өткен жылы кәсіподақтар орталығы мен Орал қаласының №2 соты, облыстық сот, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы татуласу орталығы арасында еңбек даулары мен жария-құқықтық қатынастардан туындаған даулардың алдын алу мақсатында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.  Меморандум аясында бүгінгі күні №2 сотының судьяларымен кәсіподақ өкілдері бірігіп облыстың кәсіпорын ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, – деді Айгүл Оразқызы.

brifing (1)

Спикердің айтуынша, биылғы жарияланған Еріктілер жылына орай Кәсіподақтар Федерациясы жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында арнайы жоспар бекітілген. Өңірдегі салалық кәсіподақтар жастар кеңесінің төрағалары, белсенді жұмысшы топ өкілдері, өндірістік жұмысшылар, салалық мамандар, студент жастардың басын біріктірген топ өңір көлемінде маңызды шараларды ұйымдастырмақ. Атап айтқанда, көмекке мұқтаж ардагерлерге қолдау көрсету, сала мамандарына арналған спорттық, шығармашылық байқаулар, танымдық семинарлар, шет тілін меңгеруге, жетілдіруге бағытталған мамандармен кездесулер өткізу сынды іс-шаралар жүзеге асыру көзделуде.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале