23.12.2016, 10:30
Оқылды: 62

Еңбек инспекциясы басқармасының алты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды

prokuraturasi   Облыс прокуратурасы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуына байланысты БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасына тексеру жүргізген кезде бірқатар заңбұзушылықтың беті ашылды.


   БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы он бір айда өңірде өндірісте 79 жазатайым оқиға тіркелсе, соның 61-і өндіріспен байланысты болып отыр.

  Соның басым көпшілігі құрылыс, машина жасау салалары мен шағын бизнестің үлесіне тиеді. Тексеріс инспекция қызметкерлерінің жазатайым оқиғаға байланысты комиссияны уақтылы құрмайтындығын, оны жүргізу мерзімін негізсіз созатындығын, арнайы тексеру материалдарының толық түзілмейтінін көрсетті.

   Мысалы, «Орал Агроснаб» ЖШС жұмысшысына қатысты жазатайым оқиғаны тергеу бойынша комиссия құру туралы бұйрық заңмен белгіленген мерзім бұзылып, тоғыз күнге кешіктіріліп шығарылған. Осындай олқылықтар басқа оқиғалар бойынша комиссия құру кезінде де орын алған. Оған қоса жұмыс берушінің БҚО еңбек инспекторының актісіне берген жеке қарсылығы тіркелмей, бас мемлекеттік еңбек инспекторының қаперіне салынбағаны, осылайша жұмыс берушінің құқығы бұзылғандығы белгілі болды.

 Тексеріс нәтижесінде облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша инспекцияның алты лауазымды қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале