Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
аспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 44 кәсіпорнында 890 жұмыскердің алдында 159,1 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 516 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 90,2 млн. теңге төленді.