14.03.2024, 14:45
Оқылды: 54

Еңбек министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір халқымен кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы айтты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жазды

f53a93a696043fa7543be0f6f08b5d1d_1280x720

Іс-шараға облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары, ҮЕҰ өкілдері, көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар адамдар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 150 адамнан асты.

Сөз басында Еңбекмині басшысы 2023 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалғанын хабарлады. Батыс Қазақстан облысында 192 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушыға 194 миллиард теңге бөлінді.

d6f22f5cbb416b985eb80c495fa5e5ad_1280x720

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы ең төмен базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 %-дан 60 %-ға дейін, ал 2024 жылы – 65%-ға дейін, ең жоғары мөлшері 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайған. Ал ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасы 46 %-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін артқан.

2023 жылы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 %-ға индекстелді, ал әлеуметтік кодекстің қабылдануымен кейбір жәрдемақылардың мөлшері қосымша 14,5 %-ға өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты  жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды. Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен «Алтын алқа» алқа,  I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері бар, «Батыр ана» атағын алған аналарға жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін арттырылды.

Балалы отбасыларды қолдауға ерекше назар аударылды. Осы мақсаттарға былтыр республикалық бюджеттен шамамен 1,3 триллион теңге қарастырылды.

2587621a39709c6ea36dc4450648c5ce_1280x720

2023 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында:

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді 10 млрд теңгеден астам сомаға 9 мыңнан астам адам алды;

- республикалық бюджет қаражатынан бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақыны шамамен 2 млрд теңге сомасына 12 мыңнан астам адам алды;

- республикалық бюджет қаражатынан жұмыс істемейтін әйелдерге берілетін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны шамамен 1 млрд теңге сомаға 3 мыңнан астам адам алды;

- жұмыс істейтін ата-аналарға бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді 9 млрд теңге сомасына 18 мыңнан астам адам алды;

- мүгедектігі бар баланы кәмелетке толғанға дейін тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақыны 2 млрд теңгеден астам сомаға 3 мыңнан астам адам алды.

- «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны 1,8 млрд теңге сомасына 6,6 мың адам алды;

- кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 9 млрд теңгеден астам сомаға 12 мыңнан астам отбасы алды.

Сондай-ақ Министр атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәсілдерін қарау туралы хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысында 12 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек пен қолдау жүйелерін қайта қарау міндетін қойды. Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен жаңа интеграцияларды пайдалана отырып, АӘК толық трансформацияланады.

Мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленетін болады. Оның құрамына АӘК, тұрғын үй көмегі, жалға берілетін тұрғын үйді жалдауды субсидиялау, жеңілдікпен жол жүру және т.б. кіреді. Көмек тек азық-түлік сатып алуға ғана емес, өмір сүру үшін қалыпты жағдай жасауға да беріледі», – деді Светлана Жақыпова.

Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету. БҚО-да былтыр 266 нысанды бейімдеу жұмысы жүргізілген. Биыл өңірде 244 әлеуметтік маңызы бар нысанды бейімдеу бойынша шара қабылдау қажет.

«Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы мақсатында кешенді шаралар қабылданды. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда. 2023 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды. Әлеуметтік кодекс қабылданды, оған бірқатар қосымша әлеуметтік қолдау шаралары енгізілді: жөргектерді беру нормалары екі есе ұлғайды; «Спина бифида» диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдар жоғары сапалы катетерлермен қамтамасыз етіледі; ментальді бұзылуы бар балаларға арналған санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну бойынша пилот іске қосылды; 1-топ мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілері үшін зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар аударылады», – деді Светлана Жақыпова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін әр түрлі өңірде ересектер мен балаларға арналған 12 оңалту орталығын салу жұмысы жүргізіліп жатыр. Алғашқы оңалту орталықтары Семей және Тараз қалаларында ашылған. Биыл 3 қалада құрылыс аяқталады деп күтілуде, оның ішінде Орал қаласы да бар.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова өңір тұрғындары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің барлық сұрағына егжей-тегжейлі жауап берді.

Фото: www.gov.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале