28.07.2025, 12:30
Оқылды: 226

Еңбек министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тамақтану нормаларын кеңейтеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Арнаулы әлеуметтiк қызметтер (бұдан әрi - АӘҚ) көрсететiн ұйымдарда қызмет көрсетiлетiн адамдардың табиғи тамақтану нормаларының тiзбесiне  өзгертулер енгiзудi жоспарлап отыр. Басқарма басшысының тиісті бұйрығының жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

_gluster_2020_9_14_de5aa773d00c923cbd9fa0f05ff0004f_1280x720

Сурет: gov.kz

Жоспарланған өзгерістер тамақтану саласындағы заманауи ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, Қазақстан тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленді және АӘҚ қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіруге және жаңартуға бағытталған.

Тізімді жаңарту тамақтану сапасын жақсартады және АӘҚ алушылардың денсаулығын нығайтуға оң әсерін тигізеді. Витаминдер мен минералдармен байытылған, сондай-ақ тағамдық құндылығы жоғары өнімдердің алуан түрлілігіне ерекше назар аударылады.

Бұйрық жобасы туралы ақпарат 2025 жылғы 11 тамызға дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале