25.07.2025, 15:00
Оқылды: 137

Еңбек министрлігі: биыл 2,8 млн сапалы жұмыс орнын құру жоспарланып отыр

Қазақстанда Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл өңірдегі медианалық еңбекақыдан жоғары жалақымен қатар негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар, 6 айдан астам тұрақты жұмыс орны. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов хабарлады.

26d309b4-25d7-48dd-91e3-16c464d6194b

Сурет: telegram.org

Оның айтуынша, аталған тұжырымдамаға сәйкес, 2025 жылы ел экономикасында сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарланған.
«Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде сапалы жұмыс орындарының саны 2024 жылмен салыстырғанда 150 мыңға артып, 2 млн 602 мың бірлікті құрады. 2024-2029 жылдар аралығында 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жасты жұмыспен қамту көзделген», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Биыл өңірлермен бірлесіп 480 мыңнан астам тұрғынды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале