Бүгін «Жайық пресс» медиахолдингінде БҚО бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Азамат Айтуев «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясымен таныстырды.
Азамат Жұмабайұлының айтуынша, акция мақсаты - еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатынастарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту.
- Қызметкердің құқықтық сауатсыздығын пайдалана отырып, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді болдырмау үшін, жұмыс беруші еңбек келсімшартынсыз немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім негізінде жұмысшылардың еңбегін пайдаланады.
Соңғы екі жыл ішінде еңбек инспекторлары еңбек шартын жасамастан, жұмысшылардың қызметін пайдаланып отырған 30-дан астам кәсіпкердің әрекетін әшкереледі. Олар, негізінде құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану орындары мен ауыл шаруашылығы саласында еңбектенетіндер.
2017 жылы үй-үйді аралау кезінде зейнетақы жарналары мен салық төлемдерінсіз еңбек етіп жүрген 29 мыңға жуық азамат анықталды.
Еңбек шартын жасаспау фактілері тіркелген жағдайда, азаматтар 1411 бірыңғай тегін нөміріне немесе БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz)хабарласуларына болады, - дейді басқарма басшысы.
zhaikpress.kz