26.05.2021, 17:52
Оқылды: 26

Еңбек жолы – ұрпаққа үлгі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы болып таңдалды. Өткеніміз бен бүгінімізді қалыптастырған да, тоғыстырған да – еңбек. Бұл орайда ҚРКФ еңбек адамының әлеуетін әрі қарай көтеріп, кәсіподақ тарихын еске оралтып, еңбеккерлер бейнесіндегі тұлғаларды кеңінен насихаттауда.
ммм

Бүгін «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрағасы Марат Даупаев туралы айтқымыз келеді.

Студент кезінен кәсіподақ комитетін басқарып, өзінің ісіне деген асқан жауапкершілік пен табандылығының нәтижесінде облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ саласында төраға атанып, кәсіподақ ардагерлігіне аяқ басу – кәсіподақ қозғалысында жиі ұшыраса бермейтін тарихи жағдай.
Марат Даупаев 1964 жылы 5 қазанда БҚО (ол кезде Орал облысы), Фурманов ауданында қызметшілер жанұясында дүниеге келген. 1982 жылы Фурманов орта мектебін аяқтап, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетіне оқуға түседі.

1984-1986 жылдары Москва қаласы және Белоруссияның Гродно қаласында Кеңес Әскери борышын атқарды. 1988 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын аяқтаған соң ҚазССР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының «Буревестник» спорт клубының төрағасы болып тағайындалды. 1989-1993 жжылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланып, 1998-2014 жылдар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарады. 2000 жылы П.Ф.Лесгафт атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік дене тәрбиесі университетінде диссертациясын қорғап, педагогика ғылымының кандидаты ғылыми атағын иеленді. Бұл уақыт аралығында көптеген ғылыми-зерттеулер мен мақалалар жазады. Оның ішінде «Жаһандану жағдайындағы Қазақстан кәсіподағы: түйткілдері мен болашағы» атты республикалық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы да кездеседі. 2014 жылдың 13 қыркүйегі күні облыстық ХХVIII-ші конференциясының шешімімен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы болып сайланып, 2018 жылдың 21 желтоқсаны күні Батыс Қазақстан облыстық XXIX конференциясында төраға қызметіне қайта сайланады. Сондай-ақ, кәсіподақ көшбасшысы, қоғам белсендісі Марат Оразалыұлы қазақша күрестен ҚР спорт шебері. Қазіргі таңда педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор атағына ие.
2007 жылы Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығында «Үздік кәсіподақ көшбасшысы» аталымына ие болды. 2018 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бүгінгі таңда 36840 қызметкерден тұратын облыстық білім және ғылым саласы кәсіподағының төрағасы.
Білімі мен күш-жігерін, жастық жалынын білім саласына, кәсіподақ қозғалысының жандануына арнаған көшбасшының еңбек жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі.

 


«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале