Екі білегін сыбанып еңбек еткендерге ел сүйсінетіні әмбеге аян. «Бизнес ашып, жаңа іс бастаймын, кәсіптік немесе техникалық білім аламын» деген адамдарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы көмекке келеді. Халықтың әл-ауқатының артуына қолдау білдіру үшін мемлекет стартегиялық шешімдер іздеп, салалық бағдарламаларды жүзеге асыруда. Оның ішінде жаңағы бағдарламаның іске қосылу тарихына шолу жасасақ, еңбек нарығын дамыту және елдің тұрмыс деңгейін көтеру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2016 жылы 9 қыркүйек күні Үкімет алдына халықты жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамту жөнінде міндет қойды. Тұрғындарды жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капиталдың сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы даму басымдықтары ретінде айқындалды.
Бұл туралы облыстық «Орал өңірі» газетінің №99 санындағы журналист Нұртай Текебаевтың «Еңбекке ебі жоқтың елдікке себі жоқ» атты мақаласынан толығырақ оқи аласыздар!
zhaikpress.kz