Фото: ТЖМ
Мемлекеттік органның қызметкерлері "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағындағы өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтау үшін тергеу жүргізеді.
"Сондай-ақ, ведомство өкілдері зардап шеккендердің отбасыларына қажетті әлеуметтік көмек көрсету көлемін анықтайды", – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ аумағында өрт салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу үшін ҚР премьер-инистрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына төрағаның орынбасары болып еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов, басқа да орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдігінің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлер кәсіподағының өкілдері енгізілді.
Бұдан басқа, арнайы комиссия келтірілген залалдың көлемін белгілеп, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайтын болады.
Арнайы Үкіметтік комиссия жұмысты 10 жұмыс күні ішінде аяқтайды. Ведомство өкілдері тергеу нәтижелері қосымша хабарланатанын атап өтті.