Қазақстандықтар үшін eGov.kz порталында «Көлік тарихы» сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексеру мүмкіндігі пайда болды. Сервис пайдаланушыларға сатып алудың алдында көліктің тарихын тексеруге көмектеседі. Бұл жөнінде аталған портал хабарлады.
Сурет: freepik.com
Сервисті енгізу пайдаланушыға сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға көмектеседі және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар проблемалардан сақтайды. Тексеру үшін сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін білу қажет.
«Көлік тарихы» сервисі төмендегі ақпаратты ашады:
Автокөлік туралы ақпарат алу үшін пайдаланушыға:
Сервис ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.