6.06.2023, 12:29
Оқылды: 46

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Kaspi.kz ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен, АӨО РМК және ҰАТ АҚ-пен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді Kaspi.kz суперқосымшасында уақытша немесе тұрақты тіркеуді ресімдеуге болады.
2b3daa346f3444ad9a0eacfe15e4797e

Сервис үй иесіне өз пәтеріне тіркелуге немесе оған басқа адамдарды тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ меншік иесі оның үйінде тұрмайтындарды тіркеуден шығара алады.

Егер сіз біреудің үйіне тіркелгіңіз келсе, меншік иесінің ЖСН-ын енгізуіңіз керек, ал сервис оның келісімін өзі сұратады.

"Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: "Біз Kaspi.kz суперқосымшасына жаңа сервистерді қоса бермекпіз. Біздің сүйікті клиенттеріміз өздерінің ұялы телефоны арқылы автокөлікті қайта тіркей алады, жүргізуші куәлігін жаңарта алады, мемлекеттік мекемелерден анықтама алып, балаларға жәрдемақы ресімдей алады, тұрғылықты жері бойынша тіркеле алады және басқа да көптеген күнделікті міндеттерді жеңіл әрі оңай орындай алады. Біз ІІМ-ге, Әділет және цифрландыру министрліктері мен басқа да мемлекеттік органдарға бірлескен жұмысты сәтті жүргізгені үшін алғыс айтамыз. Біз әр қазақстандық үшін мемлекеттік қызметтерді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қолжетімді ете отырып, қазақстандықтардың өмірін бірге жақсартамыз", — деді.

ІІМ мемлекет басшысының тапсырмасымен полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастырып жатыр.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале