28.06.2024, 11:02
Оқылды: 125

Енді тарихи ескерткіштерді бүлдіретін вандалдар 3 жылға сотталады

Вандализмге қарсы жаза күшейтіледі. Сенатта «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң және оған ілеспе: «Вандализм көрінісіне қарсы іс-қимыл», «Бөтеннің мүлкін бүлдіруге қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Young caucasian graffiti artist with dreadlocks painting graffiti.

Фото: istockphoto.com

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев вандализмге қарсы жаза күшейтілетінін айтты.

«Тарихи, мәдени ескерткіштер, үкімет қорғайтын мәдени обьектілерді суретпен, жазулармен бүлдіретін іс-әрекеттер – адамгершілікке жатпайтын өрескел заң бұзушылық. Вандализммен жазаға тартылғандарға бұрын 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынатын  Енді бұл 200 АЕК-ге көтерілді. Әкімшілік жаза ретінде құқық бұзушыны бұрын 40 тәулікке қамасақ, қазір 50 тәулікке қамау жазасын қолдануды көздеп отырмыз. Егер бірнеше адам болып заң бұзса, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды жөн көріп отырмыз. Қайталанса, ең ұзақ жаза қолданылады. Ал қоғамдық орындарды бүлдіру, біреудің мүлкін бүлдіру, көлігін бүлдіргендер 50 АЕК төлейді немесе 20 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылады», - деді министр орынбасары.

Сенат депутаттары бірауыздан қаулыны қолдап, дауыс берді. 

Елімізде ескерткіштерді бүлдіретін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл бойынша әр жарты жыл сайын мыңнан аса заң бұзушылық тіркеледі. Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы бұл «эпидемиямен» күресу үшін заңды қатайтуды тапсырған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале