
фото: сайт архивінен
Қазақстанда дайын құжаттарды кешкі уақытта, демалыс және мереке күндері алуға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Orda.kz.
Постамат халыққа дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Қызмет дайын болғаннан кейін азаматқа жеке код көрсетілген SMS келеді. Сол код арқылы ұяшық ашылады. Қосымша биометриялық сәйкестендіруден өту қажет.
Қазір постаматтар Қазақстанның 10 өңірінде жұмыс істейді. Олар арқылы мемлекеттік қызметтің 19 түрі бойынша құжаттар беріледі. Оның ішінде қайта жасалған куәліктер, архив анықтамалары, аттестаттар мен дипломдардың дубликаттары бар. Хабарлама келгеннен кейін құжатты үш күн ішінде алу керек. Мерзімі өтіп кетсе, құжат стандартты тәртіппен маман арқылы беріледі. Ал қызмет құны – 518 теңге.
2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл сервисті ең көп пайдаланғандар – Семей, Тараз және Түркістан тұрғындары.