17.01.2024, 9:30
Оқылды: 50

Енді жаяу жүргіншілер көлікке жол беруге міндетті емес

ІІМ қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша Жол жүрісі қағидаларында жаяу жүргіншілер туралы ұсынылған түзетуді алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖП ОРАЛ

Мамандардың айтуынша, БАҚ-та бұрын "Ашық НҚА" порталында жарияланған Жол жүрісі қағидаларынің 16-тармағына енгізілген түзету жобасы халық пен сараптамалық қоғамдастық арасында кеңінен талқыланған.

- Ұсынылған түзетуге сәйкес, реттелетін қозғалыс орындарында бағдаршамның немесе реттеушінің рұқсат беру сигналы қосылған кезде жаяу жүргіншілерге жол қиылысы арқылы бұрын бастаған қозғалысты аяқтату үшін көлік құралдарына жол беру ұсынылды. Қазіргі уақытта қоғамдық пікірді және сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, аталған түзету жобадан алынып тасталды, - делінген ведомство хабарында.

Еске салайық, бұл түзетулер өткен аптада талқылана бастаған. Полицейлер бұл ережені енгізудің дәлелі статистика деп атаған - былтыр 492 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. Алайда кейбір сарапшы бұл ереженің тиімділігіне күмәнданған. Тағы біреулер министрлікке бағдаршамның жасыл жарығының ұзақтығын ескеруді ұсынған: кейбір жерде ол тек 30 секунд, ал басқаларында 100 секундқа дейін жанады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале