19.03.2022, 11:00
Оқылды: 147

Энергетиканың жаңа бағыттары

Еліміздің тиімді дамуы экономиканың ең прогрессивті салаларын мақсатты басқарумен сипатталады. Солардың бірі – электр энергетикасы. 

1

Фотосурет: 24.kz

Қазақстандағы нарықтық реформалардың іргелі қағидаттары электр энергетикасын жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен және «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңымен айқындалған. Олардың негізінде электр энергетикасы кәсіпорындарын алдымен қайта құрылымдау, содан кейін кең көлемде жекешелендіру жүргізілді. Нәтижесінде бәсекелестік ортада электр энергетикасы саласында кәсіпкерлікпен айналысатын компаниялар мен қызметі монополия деп танылған кәсіпорындар пайда болды. Осылайша елімізде бәсекеге қабілетті электр энергиясы нарығын ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасалды.

Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі – электр энергетикасы, ал қуаттың ең прогрессивті түрлерінің бірі электр қуаты болып саналады. Энергетика саласын басқа салалармен салыстырғанда оған бірқатар артықшылық тән. Оның негізгі артықшылығы электр қуатын ең төмен сортты отындардан алуға, оны жоғары вольтты желілермен ұзақ қашықтыққа көп шығынсыз жеткізуге болады. Қазақстан Республикасы үшін электр қуатының келесі ерекшелігі мынада: еліміздің аумағының үлкендігіне байланысты отынды тасымалдау өте қымбат тұрады.  Электр қуаты өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында және күнделікті тұрмыста қолданылатыны белгілі. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі халық шаруашылығын электрлендіру болып табылады. Қазақстанның электр стансалары электр қуатын өндіру үшін түрлі қуат көздерін: көмір, мұнай, газ және су ресурстарын  тұтынады.

Қазақстандағы электр энергетикасының дамуы ғылыми негіздерге негізделген, яғни көптеген аймақта арзан отын мен су-энергетикалық ресурстарды пайдаланатын ірі электр стансалары салынуда. Қазіргі уақытта елімізде жылу электр стансалары кеңінен қолданылады. Жылу электр стансалары негізінен Қарағанды және Екібастұз көмірімен жұмыс істейді және барлық электр қуатының 90%-дан астамын қамтамасыз етеді. Әрбір облыс, өнеркәсіп орталықтарында қуатты ЖЭО мен ЖЭС салынды. Олардың ең ірілері Екібастұз, Ақсу, Тараз, Қарағанды, Алматы қалаларында орналасқан.

Қазақстандағы электр қуаты нарығын екі деңгейге: электр қуатының көтерме және бөлшек сауда нарығы деп бөлуге болады. Электр қуатын өндіру, беру және тұтыну «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңында белгіленген тиісті шарттармен жүзеге асырылады және реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес электр энергетикасы жүйесі мемлекет тарапынан реттеледі. Реттеу мыналар үшін жүзеге асырылады:

– тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыру, электр қуаты нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау, нарықта бәсекелестік жағдайларды жасау, тұтынушылардың электр қуатын жеткізушіні таңдау құқығына кепілдік беру;

– Қазақстан Республикасы энергетикалық кешенінің сенімді және тұрақты қызметінің кепілдіктері;

– Қазақстан Республикасының энергетикалық кешенін басқару; бұл елдің экономикалық дамуының ерекше маңызды жүйесі.

Электр энергетикасы саласындағы бақылауды және реттеуді ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі болып табылатын мемлекеттік уәкілетті құрылым жүзеге асырады. Министрліктің құзыретіне мынадай міндеттер жатқызылуы мүмкін:

– электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

– елдің электр энергетикасын дамыту бағдарламасын құру және бақылауды жүзеге асыру;

– электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

«Қазақстан Республикасы  Энергетика министрлігі Атомдық  және  энергетикалық  қадағалау мен бақылау комитетінің  Батыс  Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале