28.09.2023, 12:30
Оқылды: 70

Энгельс колхозынан қоныс аударғандар

1951 жылғы желтоқсанда жарияланған Сталиндік қаулыға сәйкес Нарын жерін әскери сынақ аймағына алуға байланысты Орда ауданының Нарынды жайлаған колхоздары түгелімен сынақ жерінен шығарылатын болды. 

жп дала

Аудан бойынша үш колхоз Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілуі тиіс болса, өзгелері облыс аумағында қоныс аударатындар қатарына жатқызылды. Солардың бірі - Орда ауданының Талап ауылдық советіне қарасты «Энгельс» атындағы колхоз еді. 1952 жылдың 22 сәуірінде басталған колхозшыларды көшіру белгіленген жоспар бойынша жүзеге асырылды.

Осылайша Энгельс колхозынан Ұлсын Сүгіралиева, Мұхадес Оразов, Бақтығұл Өтеев, Өтебәлі Байсақов, Мұхамедияр Есмағамбетов, Бақсиық Тажин, Сұңғат Бауединов, Қажымғай Избасаров, Малдыбай Қоқаев, Сарсен Жумалиев, Жібек Матова, Нағымеден Айтекешов алғашқылар қатарында өтініштері негізінде көшетіндер тізіміне енді.

Кейіннен колхозшылар Зәкия Жанғалина, Ихсан Абдуллин, Оразбике Ажғалиева, Тойған Жумағазиева, Талшын Серғалиева, Опа Қатпашова, Дәулетқали Шотхарин, Талшын Сапарова, Тайлақ Жумалиев, Күнипа Мәнбекова, Нағима Салихова, Май Қадешова, Ғайшекен Дінішова, Асия Султаналиева, Қисар Анесовтың отырған қоныстары да зона аймағына жатқызылып көшірілетіндер санатына кірді.

Осылайша «Энгельс» колхозынан жалпы саны 180 адам туған жерін тастап шығады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале