18.02.2022, 10:10
Оқылды: 45

Эпидахуалды бағалау матрицасы: БҚО «жасыл» аймаққа шықты

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220212102103018e

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше, 17 ақпанда «қызыл» аймақта тұрған Ақмола, Қостанай облыстары «сары» аймаққа өтті. Ал «сары» аймақта тұрған Батыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа шықты. Осылайша, «жасыл» аймақта қазір 2 қала мен 8 облыс тұр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале