Еңбекминінің Көші-қон комитеті, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ өкілдері «eQonaq» ақпараттық жүйесі базасында «eQonaq – Kutty Meken» мобильдік қосымшасын іске қосуды талқылады. Қосымша арқылы қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасын алуға болады.
«еQonaq» жүйесі шетел азаматы саналатын этникалық қазақтардан өтінім беруді едәуір жеңілдетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Талқылау «Kazakh tourism» АҚ-да өткен.
Диалог барысында тараптар «eQonaq» және «Құтты мекен» ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мобильді қосымшаның прототипін тесттен өткізу туралы келіскен.