21.10.2024, 15:30
Оқылды: 96

eQonaq жүйесінің туризм саласы бойынша қыркүйек айындағы көрсеткіштері жарияланды

eQonaq жүйесінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның туризм саласында айтарлықтай өсім байқалды. Бүгінге дейін аталған жүйеде 460 652 заңды орналастыру орындары тіркелген. Бұл көрсеткіш шетелдіктердің отандық туризмге деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Жүйе іске қосылған сәттен бастап 3,3 миллионнан астам, ал биылғы қыркүйекте 140 мыңнан астам турист тіркелген. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

IMG_9284

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Сондай-ақ eQonaq жүйесінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның әкімшілік орталықтары мен батыс өңірлері туристер үшін ең танымал бағыттар саналады. Елдер бойынша алып қарасақ, Қазақстанға қыркүйек айында ең көп турист Өзбекстаннан (40 452) келген. Кейінгі орындарға Ресей (34 650 турист) және Қытай (15 868 турист) жайғасқан.

Қазақстанға келген туристердің 39,1%-ы саяхаттау үшін, 28%-ы жеке шаруалармен, 10,3%-ы іскерлік кездесулер үшін, 4,6%-ы жұмыс мәселелері бойынша, ал 18%-ы өзге себептермен елімізге сапарлаған.

Туристердің жас ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, елге келетіндердің басым бөлігі 39 жасқа дейінгі азаматтар. Қыркүйек айында орналастыру орындарында болған шетелдік азаматтардың 69%-ы – ерлер, 31%-ы әйелдер.

eQonaq жүйесі туристік ағынды есепке алуды жалғастырып, Қазақстанда туризмді одан әрі дамыту үшін маңызды сараптамалық деректерді ұсынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале