Ақтөбеде 4 жасар Данилдің өліміне қатысты сот басталды. Бұл іс бойынша оның туған әкесі кінәлі танылып отыр. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы іске қатысты адамшошырлық жайттарды айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Фото: "Диапазоннан"
Былтыр желтоқсанда еріктілер мен полиция жоғалған 4 жасар Данил Ахуновты іздеді. Жақындарының сөзінше, бала әжесінің үйінің ауласынан жоғалып кеткен. Баланың суреті қаланың барлық бұрышында ілінді. Екі күннен кейін ол өлі табылды. Баланың денесі шұңқырға көмілген. Кейінірек полиция кісі өлтірді деген күдікті ұсталғанын хабарлады.
Бүгін алдын ала сот отырысы өтті. Баланы өлтірді деген айыпталушы - оның әкесі. Тергеу мәліметтері бойынша, баланың анасы ата-ана құқығынан айырылғаннан кейін мемлекеттік органдар әкесіне балаларды берген. Бірде ол балаларды "Үміт" үйіне әкелген. Онда балалардан дене жарақатын табылып, полиция шақырылып, әкесіне қатысты әкімшілік іс қозғалған.
Кейінірек жалдамалы пәтерде әкесі 4 жасар Данилді ұрып тастаған. Басылым мәліметінше, сол күні ол ауырып, әжесінің үйінде жүрген ағасы мен әпкесімен ойнағысы келген. Ал бұл әкесінің ашуына тиген. Ол ұлының басы мен бетінен ұрып, ішінен де соққан. Бала сол пәтерде қаза тапқан. Баланың әкесі 20 мың теңгеге жүк тиегіш-экскаватор жалдап, шұңқыр қаздырған, жүргізушіге ата-анасы үй салып жатқанын және қоқысты көму керек екенін айтқан. Оның орнына сол жерге өз ұлын көмген. Бірнеше күннен кейін ол полицияға ұлы жоғалып кеткенін айтқан.
Алдын ала тергеуде адвокат соттан істі прокурорға қосымша тергеу үшін қайтаруды сұрады, себебі күдікті тергеу барысында айғақтарын өзгертті. Сондай-ақ, адвокат жаңа айыптауда кісі өлтіру ниеті зерттелмегенін, күдіктінің қосымша сараптама жүргізу туралы өтініші қанағаттандырылмағанын айтты.
Судья қорғаушының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты және негізгі сот талқылауының күнін белгіледі.
Ж. Қадыржанова,
massaget.kz