23.02.2023, 9:45
Оқылды: 27

Ербол Қарашөкеев биылғы егіс науқаны туралы айтты

Биыл қазақстандық шаруалар күнбағыс, көкөніс және бақша дақылдарының, сондай-ақ картоптың егістік алқаптарын ұлғайтады. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкіметте алдағы көктемгі егіс науқанына арналған жоспарлар туралы айтты. Министр 2023 жылы егістіктердің болжамды құрылымы 23,4 млн га деңгейінде қалыптасқанын, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың га артық екенін еске салды, деп жазады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. 

917d4d94588f3e566faa0bf7bdff3011_1280x720

Фото: gov.kz

Бұдан бөлек, дәнді дақылдар, бұршақ және жемшөп дақылдары, қант қызылшасы мен күріш дақылдарын көбейту жоспарланып отыр.  Сонымен қатар, мақсары, соя және қыша сияқты майлы дақылдар аз егіледі деп күтілуде. Сондай-ақ мақта алқаптары қысқарады деп болжанып отыр. Министрдің айтуынша, жоспарланған егіс көлемі ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады.

Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу үшін оңтайлы мерзімде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қажетті ресурстармен қамтамасыз етілетін болады. Қазір арнайы техника паркінде 470 мыңға жуық трактор, сепкіш және топырақ өңдеу құралдары бар, оның ішінде бір мезгілде бірнеше технологиялық операцияларды орындайтын 5 мыңнан астам заманауи егіс кешені бар.

Көктемгі жұмыстарды жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейден 13 мың тоннаға артық. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 204 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 15-20%-ға төмен. Биыл ақпан айында оңтүстік өңірлер үшін ғана емес,  астық егетін солтүстіктің өңірлері үшін де арзандатылған ЖЖМ жөнелту басталды.

Ербол Қарашөкеев сондай-ақ, биыл шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланғанын, оның 63% - ы отандық өнім (аммиак селитрасы мен аммофос) екенін атап өтті. Тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына жергілікті бюджеттерде 31,3 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, фермерлердің айтуынша, оңтүстік өңірлерде аммофоспен қамтамасыз етуде проблемалар болған, қазіргі уақытта мәселе шешіліп жатыр.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап алғаш рет 140 млрд теңге көлеміне көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мәселесі пысықталды. Көрсетілген қаражаттың бөлінуін күтпестен, Аграрлық несие корпорациясы   желтоқсан айында қолда бар ресурстар есебінен қаржыландыруды бастады. 39,7 млрд теңге көлеміндегі қаржы 1400-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аударылды. Жалпы 3200-ден астам фермерді қамту жоспарланып отыр.

Бұған қоса «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы қаржыландыру да жалғасады. Секторға 55 млрд теңге, оның ішінде форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша және тауарлық кредит беру арқылы бөлінеді.

АШМ-нің жанынан мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын тарта отырып барлық проблемалық мәселелерді тез шешу үшін жедел штаб құрылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале