10.03.2026, 20:00
Оқылды: 30

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

IMG_9338

Жүлдені ел қоржынына Ербол Хамитов салды. Ол шаңғы жарысында (отырып жарысу) үздік үштікке енді.

Қазақстандық спортшы спринтте үшінші орын алды. Хамитов 2:29.9 уақытта мәреге жетті.

Қытайлық Цзысюй Лю жарыс жеңімпазы атанды - 2:28.9. Ал бразилиялық Кристиан Вестемайер 2:29.6 уақыт нәтижесімен екінші орын алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале