6.12.2021, 17:10
Оқылды: 50

Ердоған Түркияның атауын өзгертті

Енді түрік өнімдері нарыққа Made in Turkey деген атаумен емес, Made in Türkiye деген ортақ брендпен ұсынылатын болды. Тиісті жарлыққа президент Режеп Тайып Ердоған қол қойды.

d6babf163477a3b544ad5030c27da4a1_resize_w_742_h_365

 Ердоған қол қойған құжат елдің ресми ақпараттарын жариялайтын Official Gazette басылымында жарық көрді.

Бұл шешім түрік экспорттаушыларының ізгі ниеттерін растау үшін жасалған тағы бір кешенді қадам, — деп жазылған аталмыш жарлықта.

Сонымен қатар, құжатта түсіндірілгендей, Made in Türkiye брендтық термині Түркия халқының мәдениеті мен құндылықтарын тереңірек көрсететіндігі айтылған.

Түрік билігі бұл терминді шетелдік серіктес елдермен хат алмасуда қолдануды көздеп отыр.

NEGE. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале