10.02.2024, 0:00
Оқылды: 66

Еріген қар суы облыстық маңызы бар тас жолды шайып кетті

Бүгін 16.00 сағат шамасында Жаңақала ауданына қарасты Мәштексай ауылынан 2 шақырым маңында облыстық маңызы бар "Ақжайық-Жаңақала-Сайхын" автожолда (топырақты) жолдың төменгі жерінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде жолды су шайып кетті.

IMG-20240209-WA0066

Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Көлік жүретін жайдақ жол бар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жергілікті әкімшілік, полиция, төтенше жағдайлар бөлімі кезекшілік ұйымдастырды. "ЮНИСЕРВ" ЖШС күшімен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Оқиға бақылауда.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале