Португалияның Портиман қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Challenger Cup турнирінде Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: kazsports.kz
Эрика доппен өнер көрсетудің финалында күміс медаль алды (32.400 балл). Ал Милана шығыршық жаттығуында күміс (33.800 балл), сосын лентамен бақ сынап, қола (30.750 ұпай) медаль иегері атанды.