3.09.2024, 21:27
Оқылды: 174

«Еріктілер кеңесі» 18 отбасыға көмек көрсетті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз жұмысын жалғастыруда.

InShot_20240903_231300703

Еріктілер кеңесінің басты мақсаты –  мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, ерікті бастамаларына жәрдемдесу, еріктілер қозғалысын реттеу, бағыттарды анықтау,бірізділікке салу, қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау, еріктілердің қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысуын үйлестіру.

Бұл ретте, Еріктілер кеңесімен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

Шара 18 отбасын қамтып, мектеп жасындағы балаларға мектеп құралдары табысталды. Аталған шараға мемлекеттік қызметшілер арасындағы еріктілер, соның ішінде Департамент қызметкерлері де ерікті түрде қатысып, 27 оқушыға мектепке сөмке жиынтығын табыстап, қолдау көрсетті.

InShot_20240903_231246487

Ұйымдастырылған шараның мақсаты – қоғамда өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 

Батыс Қазақстан облысы 

бойынша департаменті 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале